Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мөлшері өсті

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мөлшері өсті

2022 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 27-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аударымдары өседі.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің қорға төлейтін жарналары аударымдарды есептеу нысанының 3 пайызы мөлшерінде белгіленді.

Жұмыс берушілер қызметкерге жалақысының 3 пайызын төлейді, бірақ 10 жалақыдан аспайтындай, яғни 18 мың теңгеден аспауы керек.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық келісім-шарттары бойынша табыс алатындар, табысының 2 пайызын төлейді, бірақ 12 мың теңгеден аспайды.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаларға – ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге.

Сонымен қатар, 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен салымдар көрсеткіші бұрынғы деңгейде – 2 пайыз.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап қорға төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары ұлғаяды: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,7 пайызы.

02 қаңтар 2022 ж. 746 0