Жұқа мұз – жасырын қауіп

Мұны білген шарт:
– судағы қатқан мұздың қалыңдығы 10 см болса, ол адам үшін қауіпті болып саналады;
– өзен бұрылыстары мен ағынды суларда, ағысы қатты жерлерде, ағаш, қамыс, бұталар өскен су аймақтарында мұз өте әлсіз болады;
– егер ауаның температурасы 0-ден жоғары үш күн бойы ұстаса, мұздың қаттылығы 25% төмендейді;
– мұздың қатқанының сапасын былай анықтауға болады: егер мұз түсі көгілдір болса – қатты, егер ақ түсті болса сапасы 2 есе төмендейді, егер сұр, ақшыл немесе сарғыш аралас болса мұз әлсіз дегенді білдіреді, мұндайда мұзға шығуға болмайды.
Егер суық суға абайсыздан түсіп кетсеңіз не істеу қажет?
– Сасқалақтамаңыз, шұғыл қимылдар жасамаңыз, бірқалыпты демалыңыз;
– Қолыңызды жазып, денеңізді ағыс бағытына тіке қойып, мұздан ұстауға тырысыңыз;
– Ақырындап кеудеңізді мұз үстіне шығарып, алдымен бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды мұз үстіне шығаруға тырысыңыз;
– Мұз үстіне шыққаннан кейін ақырындап жағаға қарай еңбектеңіз, ол жердегі мұз тексерілген, қатты.
Егер сіздің көмегіңіз керек болса:
– Кез келген ұзын таяқша, тақтайша, шыбық, жіпті қолданыңыз (шарфтарды, белбеулерді, керек жағдайда киімдерді байлап қолдануға болады);
– Аяқ пен қолды жан жаққа созып, құтқару құралдарын алдынан итере отырып, мұз ойығына қарай еңбектеңіз;
– Судағы адамға бірнеше метр қашықтықта тоқтап, құтқару құралын лақтырыңыз, киімді, арқанды, таяқшаны, бұтақты т.б.;
– Зардап шегушіні мұз үстіне шығарып келген жаққа қарай бірге еңбектеңіздер.
Зардап шеккен адамды жылы жерге әкеліңіз. Көмек көрсетіңіз: су киімдерін шешіңіз, спирт немесе арақ жағып, қолыңызбен денесін тез шапшаң қимылмен уқалаңыз (қызарғанға дейін), ыстық шай беріңіз. Ешқашан да зардап шегушіге алкоголь бермеңіз – мұндай жағдайдың соңында адамның талып қалуы мүмкін.
Ескерту: Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 номерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі