Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Құрметті азамат» атанды

«Құрметті азамат» атанды

Қариясын сыйлаған елде қа­сиет бар. Мереке қарсаңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев еліміздің Тәуелсіздігі жолында еңбегі сіңген ардагерлерге құрмет көрсетті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «ҚР Білім беру ісінің үздігі», ардагер-ұстаз Жоламан Ермановтың, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Жарылқасын Ерта­шовтың отбасында болып, мерекемен құттықтаған аудан әкімі қарияларды қуантып, алғыс-батасын алды.

Қос қарияға Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономика­лық дамуына үлес қосып, ауданның өсіп-өр­кендеуі жолында еңбек сіңіргені үшін «Сыр­дария ауданының Құрметті азаматы» атағын беріп, төсбелгі таққан аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы:

– Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде де ерен еңбек еткен Сіздердің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары атқарған қызметтеріңіз бір төбе. Ауданның өмірімен біте қайнасып, салалардың майталманы ретінде кейін­гілерге үлгі көрсетіп келесіздер. «Қарт­тарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамға үлкенді сыйлау, қарияны құр­меттеу – кейінгі буынның парызы болып саналады. Ұрпақтар сабақ­тастығы жара­сымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Алдыңғы буын ар­дагерлеріміз жастарға ақылшы дана, қамқоршы пана болып, арамызда жүре беріңіздер, – деп ізгі тілегін білдірді.

Ұзақ жылғы бейнеттерін елеп-ескерген басшылыққа алғыс жаудырған ардақты ардагерлер еліміздің одан әрі дамуын тілеп, ақ баталарын берді.

Құрмет көрсету іс-шарасына аудан әкімі­нің орынбасары Т.Нұртазаев қатысты.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

16 желтоқсан 2021 ж. 582 0