Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел азаматтарына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – ұлт мерейін өсіретін ұлық мейрам. Біз тарих тұрғысынан алғанда қысқа мерзім ішінде жаңа Қазақстанның негізін қаладық. Тұғыры берік, экономикасы қуатты, беделі биік мемлекетке айналдық. Мұның бәрі – ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Сонымен бірге бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі», - деді Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар иегерлерін марапаттау рәсімінде.

Өз сөзінде Президент кез келген халықтың табысқа жетуі азаматтарына байланысты екенін еске салды.

«Бұл өмірдің заңы. Адам капиталы мен мықты мемлекет – барлық қиындықты еңсере алады. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті. «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтылмаған. Шын мәнінде, біздің бүгінгі жетістігіміз – барша халқымыздың ортақ жеңісі. Жаңа Қазақстанды өркендетуге азаматтарымыздың көбі сүбелі үлес қосты. Бүгінгі мерейлі сәтте еліміздің барша азаматтарына табанды еңбегі үшін зор алғыс айтамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
13 желтоқсан 2021 ж. 503 0