Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 отбасы қоныс тойын тойлады

10 отбасы қоныс тойын тойлады

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдария ауданына іссапармен келді. Аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысып, аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылар үшін жаңадан салынған үйлердің кілтін 10 отбасыға табыс етіп, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға қуаныш сыйлады. Облыс әкімінің іссапарында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат беріп, атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Ең алдымен, облыс әкімі Ақжарма ауылындағы «Ақ­жарма-2» шаруа қожалығының күріш ақтайтын за­уытының жұмысымен танысты. Күніне 50 тонна күріш ақтауға қауқарлы зау­­ыттың жұмысы мен алдағы жос­парлары жөнінде шар­уа қожалығының төрағасы, ау­дандық мәслихат депу­­­­таты Марат Бисенов таныс­ты­рды. Бүгінде 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, толық қуатта жұмыс істеп тұрған зауыт соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жаб­­дық­­­тал­ған. Шаруашылық жанынан Сыр маржанын ақтау мақса­­­тында ашылған зауыттың құны 50,0 млн теңгені құрайды.

Кәсіпкерлік нысанында аймақ басшысы ауыл­ша­руа­шылық саласын дамыту мен егісті әртарап­тандыру бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарға назар аударып, бірқатар тапсырмалар берді. Мұнан кейін Тереңөзек кентіне келіп, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтердің кілттерін табыс етті. Жаңа үйлер ау­дандағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілді.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова іс-шараға қатысушыларды Тә­уел­сіз­дік күнімен құттықтап, өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғындарды баспанамен қам­ту ісі қарқынды жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

– Ең алдымен, баршаңызды ең ұлық мерекеміз – қастерлі де қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз. Біз егемендіктің арқасында көптеген игі істерді атқарып, еліміздің жарқын болашағын қа­лыптастырдық. Жыл сайын өңірімізде түрлі заманауи жаңа нысандар бой көтеріп, қала мен аудандар, ауылдар көркейіп-көріктене түсуде. Облысымызда ха­лықты тұрғын үймен қамту да жүйелі жолға қойылған жақсы істердің қатарында. Бүгін 710 шаршы метрді құрайтын 2 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы аяқталып, халық игілігіне беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы да 63 отбасы жаңа шаңыраққа ие болады деп жос-парлап отырмыз. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Алдағы мерекелер мен қуанышты күндерді жаңа қоныстарыңызда жақсы қарсы алыңыздар! Әр отбасына береке-бірлік, амандық тілеймін, – деді облыс әкімі.

Атап өту керек, биыл Сыр өңірінде рес­публикалық бюджеттен қажетті қаржы қа­ралып, 30 тұрғын үй сатып алынбақ. Сон­дай-ақ, жыл соңына дейін 11 елді мекенде 33 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, кезекте тұрған көп балалы отбасыларға беру жос­парланып отыр.

Пәтер кілттерін табыс еткеннен кейін аймақ басшысы бастаған топ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа баспаналы бол­ған Сайымовтар отбасының мүшелерімен пікір­лесті. Отбасы мүшелерін егемендік ме­рекесімен құттықтаған аймақ басшысы ана мен баланың денсаулығын нығайту, көп балалы отбасыларға жәрдемдесу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде «Алтын алқалы ана» Г.Әбдіреева ризашылығын білдірді.

– Мен – көп балалы анамын. Барым да, нарым да – осы балаларым. Балаларымыз­ды жеткіземіз, жоғары білім алып бере­міз деп баспана салуға жағдайымыз кел­меді. Бүгінде жеті қызымның үшеуін ұзат­­тым, қалғандары студент, оқушы.

Ота­­ғасы екеуміз немере сүйіп отырмыз. Тә­уел­сіздік мерекесі қарсаңында жаңа баспаналы болғанымызға, үйімізге Өзіңіз бастаған жақсы кісілердің келгеніне қуаныштымыз!

Елбасына, Президентімізге және Сізге шын жүрегіммен аналық алғысымды айтамын! Жұ­­­­­­­­­­мыстарыңызға жеміс тілеймін! Жаңа үйі­міз ыңғайлы. Бір жерден жылытылады. Бәрі­не қуаныштымыз. Өз үйіміздің болғанын ұзақ уақыт күттік. Сол арманымыз орындалды.Тек алғыс айтамын, ұрпақтарыма Сіздердің жолдарыңызды берсін, – деді көп балалы ана.

Облыс әкімі Сырдария ауданына жасаған іссапары аясында «Ауыл – Ел бесігі» бағ­дарламасы аясында күрделі жөндеуден өт­кен орталық стадионға барып, жұмысын саралады. Мұнда еліміздің намысын қорғап жүрген аудан спортшыларымен және олар­дың бапкерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Негізі орталық стадионның күрделі жөндеу жобасының құны – 241 млн теңге.

Сонымен қатар, аймақ басшысы күніне 60 тонна жем шығаратын «Аққұм Жер» ЖШС-нің зауыт жұмысымен танысты.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова биыл шаруаларға түскен ауыртпалықты тіл­ге тиек етіп, осы тектес жем шығаратын зауыттардың тиімді әрі маңызды жобаларды көбейту қажет екенін алға тартты.

Ең алдымен, облыс әкімі Ақжарма ауылындағы «Ақ­жарма-2» шаруа қожалығының күріш ақтайтын за­уытының жұмысымен танысты. Күніне 50 тонна күріш ақтауға қауқарлы зау­­ыттың жұмысы мен алдағы жос­парлары жөнінде шар­уа қожалығының төрағасы, ау­дандық мәслихат депу­­­­таты Марат Бисенов таныс­ты­рды. Бүгінде 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, толық қуатта жұмыс істеп тұрған зауыт соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жаб­­дық­­­тал­ған. Шаруашылық жанынан Сыр маржанын ақтау мақса­­­тында ашылған зауыттың құны 50,0 млн теңгені құрайды.

Кәсіпкерлік нысанында аймақ басшысы ауыл­ша­руа­шылық саласын дамыту мен егісті әртарап­тандыру бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарға назар аударып, бірқатар тапсырмалар берді. Мұнан кейін Тереңөзек кентіне келіп, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтердің кілттерін табыс етті. Жаңа үйлер ау­дандағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілді.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова іс-шараға қатысушыларды Тә­уел­сіз­дік күнімен құттықтап, өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғындарды баспанамен қам­ту ісі қарқынды жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

– Ең алдымен, баршаңызды ең ұлық мерекеміз – қастерлі де қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз. Біз егемендіктің арқасында көптеген игі істерді атқарып, еліміздің жарқын болашағын қа­лыптастырдық. Жыл сайын өңірімізде түрлі заманауи жаңа нысандар бой көтеріп, қала мен аудандар, ауылдар көркейіп-көріктене түсуде. Облысымызда ха­лықты тұрғын үймен қамту да жүйелі жолға қойылған жақсы істердің қатарында. Бүгін 710 шаршы метрді құрайтын 2 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы аяқталып, халық игілігіне беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы да 63 отбасы жаңа шаңыраққа ие болады деп жос-парлап отырмыз. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Алдағы мерекелер мен қуанышты күндерді жаңа қоныстарыңызда жақсы қарсы алыңыздар! Әр отбасына береке-бірлік, амандық тілеймін, – деді облыс әкімі.

Атап өту керек, биыл Сыр өңірінде рес­публикалық бюджеттен қажетті қаржы қа­ралып, 30 тұрғын үй сатып алынбақ. Сон­дай-ақ, жыл соңына дейін 11 елді мекенде 33 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, кезекте тұрған көп балалы отбасыларға беру жос­парланып отыр.

Пәтер кілттерін табыс еткеннен кейін аймақ басшысы бастаған топ Тәуелсізідк мерекесі қарсаңында жаңа баспаналы бол­ған Сайымовтар отбасының мүшелерімен пікір­лесті. Отбасы мүшелерін егемендік ме­рекесімен құттықтаған аймақ басшысы ана мен баланың денсаулығын нығайту, көп балалы отбасыларға жәрдемдесу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде «Алтын алқалы ана» Г.Әбдіреева ризашылығын білдірді.

– Мен – көп балалы анамын. Барым да, нарым да – осы балаларым. Балаларымыз­ды жеткіземіз, жоғары білім алып бере­міз деп баспана салуға жағдайымыз кел­меді. Бүгінде жеті қызымның үшеуін ұзат­­тым, қалғандары студент, оқушы.

Ота­­ғасы екеуміз немере сүйіп отырмыз. Тә­уел­сіздік мерекесі қарсаңында жаңа баспаналы болғанымызға, үйімізге Өзіңіз бастаған жақсы кісілердің келгеніне қуаныштымыз!

Елбасына, Президентімізге және Сізге шын жүрегіммен аналық алғысымды айтамын! Жұ­­­­­­­­­­мыстарыңызға жеміс тілеймін! Жаңа үйі­міз ыңғайлы. Бір жерден жылытылады. Бәрі­не қуаныштымыз. Өз үйіміздің болғанын ұзақ уақыт күттік. Сол арманымыз орындалды.

Тек алғыс айтамын, ұрпақтарыма Сіздердің жолдарыңызды берсін, – деді көп балалы ана.

Облыс әкімі Сырдария ауданына жасаған іссапары аясында «Ауыл – Ел бесігі» бағ­дарламасы аясында күрделі жөндеуден өт­кен орталық стадионға барып, жұмысын саралады. Мұнда еліміздің намысын қорғап жүрген аудан спортшыларымен және олар­дың бапкерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Негізі орталық стадионның күрделі жөндеу жобасының құны – 241 млн теңге.

Сонымен қатар, аймақ басшысы күніне 60 тонна жем шығаратын «Аққұм Жер» ЖШС-нің зауыт жұмысымен танысты.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова биыл шаруаларға түскен ауыртпалықты тіл­ге тиек етіп, осы тектес жем шығаратын зауыттардың тиімді әрі маңызды жобаларды көбейту қажет екенін алға тартты.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
11 желтоқсан 2021 ж. 653 0