Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік іс қаралды.

Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан тұлға Г.. 2021 жылы 19 маусым күні сағат 13:30 шамасында өзінің басқаруындағы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленуші мекеменің көлік құралымен темір қоршауға соқтығысып көлік құралының бүлінуіне алып келген материалдық залал келтірген.

Сотта азамат Г. Өз кінәсін толықтай мойындап, сараптама қорытындысымен келісетінін, жасаған әрекетіне өкінетінің, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Сот, істегі құжаттарды зерттеп, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан тұлға Г-ты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алып және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

01 тамыз 2021 ж. 753 0