Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде алдағы күндері 35 градус аяз болады

Елімізде алдағы күндері 35 градус аяз болады

Қазақстандық синоптиктер алдағы күндері аяз күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, 9-11 желтоқсан күндері елімізде 35 градусқа дейін аяз күтіледі.

«9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады. Солайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градус аяз болады. 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градус аяз болуы мүмкін», деп хабарлайды«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
08 желтоқсан 2021 ж. 197 0