«Киік» табиғат қорғау акциясы жұмысын жалғастыруда
Бүгінгі күні сайын даланың еркесі, киелі ақбөкен жануарының азаюына байланысты табиғат жанашырлары республикалық деңгейде арнайы «Киік» табиғат қорғау акциясының жұмысын жалғастыруда.
Жақында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ҚР ҰҚК шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, жергілікті полиция қызметкерлері, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы және Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының өкілдерінің қатысуымен арнайы брифинг өткізіліп, облыс көлемінде жұмыс жасайтын ұтқыр топтар құрылды. Іс-қимыл графигі жасалып, жұмыс топтары бүгінгі таңда жұмыстарын бастап кетті. Облыстық инспекция, Охотзоопром, жергілікті полицияның табиғат қорғау мамандарына және Сырдария орман қорғау қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілей отырып, аудан тұрғындарына ақбөкен аңын табиғатта кездестірген жағдайда жанашырлық танытып, қорғап, сақтап қалуын сұраймыз. Алдағы уақытта ақбөкендердің санын көбейтсек, болашақ ұрпаққа құнды сый болары сөзсіз.
Т.Сәтбаев,
«Сырдария орман және
жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» орманды қорғау
және күзету жөніндегі
патолог инженері