Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Алты ақбөкенді атып алған

Алты ақбөкенді атып алған

Қызылорда облысында 6 ақбөкен атып алған тұрғын қолға түсті.

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының Табиғат қорғау полиция тобының инспекторлары, Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және «Охотзоопром» мекемесі қызметкерлері рейд жүргізген болатын. Рейд барысында «Құмкөл» тас жолы бойындағы далалық жерде «Nissan Patrol» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүк салғыштан 6 ақбөкен жануарының өлі денесі табылды.

«Күдікті ретінде ұсталған азаматтан бір ұңғылы, 12-калибірлі аңшы мылтығы, атылмаған 12 калибрлі 93 дана патрон және аңшы пышағы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция басқармасынан.

05 қыркүйек 2021 ж. 650 0