Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейрамхана иелерімен меморандум жасалды

Мейрамхана иелерімен меморандум жасалды

Аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында келелі мәсе­ленің түйінін тарқатқан Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 3 мәселе қаралды.
Қоғамдық кеңес отырысында аудан­дағы сыйымдылығы 150 адамнан асатын кафе немесе мейрамханада той өт­кізу уақытын 18.00-24.00 аралығында бекіту мәселесі көтерілді. Өз кезегінде аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров қазіргі таңда аймақ бойынша той уақытынан асып кетуіне байланыс­ты тәртіп бұзушылық пен қылмыстық іс қозғау фактісі жиілеп кеткенін тілге тиек етті. Облыс прокуроры Н.Бижановтың облыс әкімі Қ.Ысқақовқа жасаған мә­лім­демесі негізінде атқарылған профилактикалық жұмыстың нәтижесі талқыланды. Сонымен бірге ау­дан­дағы кафе және мейрамхана иелері мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, аудан прокурорының орынбасары, аудандық полиция бөлімінің өкілі, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы арасында өзара келісім орнату жөніндегі меморандумға қол қойыл­ды. Аталған мәселе бойынша аудан прокурорының орынбасары Н.Қаратаев, қоғамдық кеңес мүшелері, бірқатар жеке кәсіпкер өз ойларын ортаға салды. Бұл ретте кафе немесе мейрамханада той өткізу уақытын шектеу арқылы қоғамдық тәртіптің сақталуын құқық қорғау органдары назарда ұстайды. Меморандумға отырған мейрамхана иелері тойдың бітуі­не жарты сағат қалғанда арнайы ескерту жасай алады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Әлеу­меттік көмек көрсету, оның мөл­шерін бел­гілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Сырдария аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы» Сырдария ауданы әкім­дігінің қаулысының жобасы туралы болды. Хабарламашы аудандық жұмыспен қам­ту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Исаева әлеуметтік көмек көрсету жө­нін­­де өзгерісті көпшілікке таныс­тырды. Ал «Бірыңғай тіркелген салық мөл­шер­лерін белгілеу туралы» Сырдария ау­дандық мәслихатының 2018 жылғы 15 шілде­дегі №206 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Сырдария аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ж.Қошқарбаева хабарлады.
Осылайша күн тәртібінде қаралған бір­­­­­­не­ше мәселе қоғамдық кеңес мүше­лері тарапынан қолдау тапты. Алдағы уақытта олардың жүйелі жүзеге ас­уы құзы­­­­ретті орган еншісінде. Бас­тысы, қоғамдық тыныштықты сақтау, қыл­мыстық әрекеттерді болдырмау маңыз­ды. Әлеуметтік және тұрмыстық ахуалды жақсарту өзектілігін жоймайды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
11 наурыз 2020 ж. 695 0