Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "Жақыныңа жанашыр бол"

"Жақыныңа жанашыр бол"

2021 жылдың қараша айының 26-27 жұлдыздарында Сырдария аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерінің балалары арасында "Жақыныңа жанашыр бол" ұранымен өткізілген шарада 12-17 жас аралығындағы балаларға 120 вакцина егілді.

Атап айтсақ, кент бойынша-54 медициналық қызметкерлердің балалары қамтылса, Шаған елді мекені бойынша-30, Амангелді ауылында -12, Н.Ильясов ауылында-12 және Ақжарма ауылында -6, Шіркейлі ауылында 6 балаға екпе егілді.

"Шара барысында бірінші болып бала қауіпсіздігі мен жарқын болашағын үшін ат салысқан барлық медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Еліміздің болашағы, ата- ананың көз куанышы болған балаларымыз аман болсын. Бақытымызда, байлығымызда балалар, әрбір үй бала күлкісіне толып, болашақтары жарқын болсын. Індеттен құтылып, деніміздің сау болуы үшін, барша аудан тұрғындарын әлемде етек жайған індетке қарсы вакцина алуға шақырамыз" дейді мамандар.
28 қараша 2021 ж. 361 0