Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ten kogam»: Қызылордалық ақындар мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

«Ten kogam»: Қызылордалық ақындар мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

Жуырда Қызылорда қаласынан ашылған «Ten kogam» орталығында айтыскер ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Нұрмат Мансұровпен кездесу өтті, – деп хабабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Оған Ақын Жұмабай Шерниязов, жыршы Қуаныш Алғазиевтер де қатысып, орталық қызметін пайдаланушы жандармен жүздесті. Шара барысында орталыққа келушілермен өнер, шығармашылық турасында сұхбат ұйымдастырылып, жырдан шашу шашылды.

«Мұндай рухани кешті ұйымдастырушы орталық қызметкерлеріне алғысым шексіз. «Жақсымен өткізген жарты сағат жаманның өтіп кеткендей өміріндей» дегендей тағылымды шарадан ерекше әсер алып қайттым. Халықтың қошеметіне ие болған атақ-абыройдан кенде емес өнердегі азаматтарымыздың кең пейілі мен биік парасатына тәнті болды. Біздің жүрегімізге ерекше жылулық сыйлады. Көңіліміз көтеріліп, бір марқайып қалдық», – дейді орталыққа келген Ақылбай Аханов.

Шара соңында өз өлеңдерін оқыған Зәуре Өксімбаева қонақтарға алғашқы кітабын сыйға тартты.

Айта кетейік, «Ten kogam» орталығы әлеуметтік осал топтарға арналған. Қаладағы өмірлік қиын жағдайда жүрген, тәрбиеленуінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе өздері де сол санаттағы тұрмысы төмен көп балалы отбасылар орталық қызметіне жүгіне алады.
22 қараша 2021 ж. 263 0