Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Министр: Білім гранты 75 мыңға жетеді

Министр: Білім гранты 75 мыңға жетеді

2025 жылға қарай жоғары білім гранттарының саны 75 мыңға жетеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды bilim-all.kz.

«Елімізде жоғары білім беру сапасын арттыру жұмыстары бірнеше бағытта жүйелі түрде жүріп жатыр. Атап айтсақ, оңтайлы басқару жүйесі, академиялық саясат, білім бағдарламаларының сапасы, қолжетімді қаржыландыру, кәсіби оқытушылар құрамы мен академиялық адалдық принциптерін сақтау және сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесі», — деген министр елдегі жоғары оқу орындарының жартысы жеке меншікке қарайтынын еске салды.

«Негізгі бағыттарға тоқталсақ, еліміздегі 122 университеттің жартысы — жеке меншік ұйымдар. Бакалавриат, магистратура мен докторантура деңгейінде 600 мыңнан астам студент білім алуда. Қазақстанның 14 жоғары оқу орны еліміздің және дүниежүзілік үздік университеттер рейтингісінде тұр. Соңғы жылдары гранттар саны екі есеге жуық өсті. 2025 жылға қарай гранттар саны кезең-кезеңмен 75 мыңға жетеді», — деді Асхат Аймағамбетов.
21 қараша 2021 ж. 590 0