Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 12 жылдық білім жүйесіне дайынбыз ба?

12 жылдық білім жүйесіне дайынбыз ба?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 12 жылдық білім жүйесі қашан енгізілетінін хабарлады, – дейді massaget.kz

"Бізде 11 жылдық білім беру жүйесі қазір де-факто және де-юре қалпында. Жаңартылған бағдарлама 2015 жылы бекітілген, олар 11 жылдық жүйеге негізделген. Қазір бағдарлама жаңартылып жатыр. Сыныптардың 95%-і ауысты. Бұл процесс келесі жылы толық аяқталады", - деді Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің Үкімет сағаты отырысында.

"Егер біз қазір 12 сыныптық жүйені еш дайындықсыз қабылдасақ, үлкен проблемаға душар боламыз: мектептердің инфрақұрылымына, педагогтарды дайындауға, жаңа кітаптар шығаруға салмақ болады. Ұлт жоспарында жазылғандай, 12 жылдық жүйе барлық сынып жаңа бағдарламаға ауысқаннан кейін енгізіледі. Оған барынша тиянақты ауысу керек. Бала 1-сыныпқа барғанда 12 жыл оқитынын білуі тиіс. Бұл жүйе шамамен 2021 жылға қарай қабылданады", - деді министр.


21 қазан 2019 ж. 1 042 0