АҚШ орта мектебінде тағы да атыс болды
Мэриленд қаласында кеше оқ атылып, мектеп жұмысы уақытша тоқтатылды. Мектеп офицері оқиға орнына дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Baq.kz cbsnews-ке сілтеме жасап.
«Мен оқитын мектепте дәл осындай оқиға орын алатыны үш ұйықтасам, түсіме кірмес еді. Қатты қорқынышты болды», - дейді студент Макайла Бондс.
Қоңырау кезінде Great Mills мектебінің дәлізінде 17 жасар Остин Уайат Роллингс 16 жастағы қыз Джелин Уиллиге оқ атқан.
«Атқыш пен оққа ұшыраған қыздың арасында бұрын-соңды қарым-қатынас болған», - дейді шериф Тим Кэмерон.Мектеп офицері Блейн Гаскилл дер кезінде жетіп келіп, 1 минуттың ішінде жауап ретінде Роллингқа оқ атқан. 17 жасар Остин Уайат Роллингс оқиға орнында қаза тапты.
Дегенмен, тергеушілер Роллинг өлімінің себептерін анықтау үшін мектептегі камералардың көмегіне жүгінбекші. Оқиға орнында тағы 14 жасар оқушы зардап шеккен.
Сондықтан, офицердің дер кезінде жетіп, оқиғаға араласуы қаза болған жігіттің басқаларға оқ атуын тоқтатты дейді көпшілік. Ал жараланған қыз Джелин Уилли емханаға түсіп, өмір үшін күресіп жатыр.