257 талапкер мемлекеттік грант иегері атанды
Республика бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының қорытындысы жарияланған болатын. Солардың ішінде Сыр елінің талапкерлері де мемлекет есебінен ұсынылатын тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Биылғы жылы өңірде 5 184 оқушы мемлекеттік грантқа өтініш беріп, 3 849-ы грант иегерлері атанса, оның ішінде сырдариялық талапкерлердің саны – 257. Бұл – 91,6 пайыз.
Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалған. Атап айтқанда, педагогика саласы мен медицина, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға гранттар алынған. Облыс бойынша грантқа үміткер болған 3 849 оқушының басым бөлігі педагогикалық және техникалық мамандықтарды таңдаған. Тарқатып айтқанда, 1 303 талапкер педагогикалық, 361 түлек медициналық бағытты таңдаса, 1 173 үміткер техникалық мамандықтарға таңдау жасаған. Ал, 217 түлек ауыл шаруашылығы бағытына баруды көздейді. Сонымен бірге 795 түлек өзге де бағыттағы мамандық иесі болуды қалады.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда 39 оқушы «Алтын белгі», 17 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Сондай-ақ 11 оқушы «Елбасы медалін» иеленді.