Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Иесіз жүрген мал қамалады

Иесіз жүрген мал қамалады

2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап, кент әкімі аппараты мен аудандық ветериналық станция мамандары бірлесіп мобильді топ құрылды.

Топтың негізгі жұмысы кент тұрғындарына пада бағытын көрсету, яғни Тоқтыбаев көшесінде Айтек арнасынын үстінен өтетін көпірден, Қазақ көшесінде Айтек арнасының үстінен өтетін аяқ көпірден және бекеттен әрі қарай өріске айдап жіберу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Қараусыз жүрген төрт түлік малдарын бақылауда ұстап, кезекпен бағып және кешкі уақыта жайылымнан уақытылы күтіп алып, қораларға қамау қажеттілігі туралы темір жол аумағында қараусыз малдың жайылуы, тұрғындардың темір жолдан өту кезінде сақтық шараларын ескермеуі поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп кедергі келтіретіні және темір жол аумағында қайғылы жағдайлардың орын алып отырғандығы, мал ұрлығы мен жол көлік апаттарынан сақтау.

Кент көшелерінде қараусыз жүрген 30 мал иесіне ескерту берілсе, 6 адамға 350040 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы, ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №235 Кодексінің 505 бабының 1-тармағында ескерту жасауға немесе жеке тұлғаға - 20 (58 340) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығы және осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер-жеке тұлғаларға - 30 (87 510) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын ескертеміз!

12 қараша 2021 ж. 572 0