Ауданда көмір қоры жеткілікті

Сонымен қатар, аудан бойынша көмір тасымалдаушы «Углесбыт», «Нұрдәулет» мекемелері арасында аудан тұрғындарына қажетті 10,0 мың тонна көмірді жеткізіп, тұрғындарға қолжетімді бағада сатуға меморандум жасалды. Ал, ауылдық елді мекендерде егін шаруашылығымен айналысатын «Ақжарма-2», «Абай- Дәулет» және басқа да шаруашылықтар елді мекен тұрғындарына тиімді бағамен яғни 15 мың теңгеге көмір жеткізіп беруде.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін елді мекендерге 9073 тонна көмір жеткізілген. Ол қажетті қатты отынның 90 пайызын құрайды. Сондай-ақ, аудан бойынша 52 тұрмысы төмен отбасыға аудан кәсіпкерлері үйлеріне көмір түсіріп, қайырымдылық жасады.