Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды

Департамент басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы мен «Ақмештік-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы жастар ресурстық орталығында белсенді жатармен TedX форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ғалия Ұбайдуллақызы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, Жандос Бектайұлы ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторларын жою, өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру үшін аянбай еңбек ету қажеттігін атап өтті.
05 қараша 2021 ж. 520 0