Басқарма басшысы тікелей эфирге шықты
«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Департамент басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы «Antikor.Live» жобасы аясында Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызымен тікелей эфир өткізді.
Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы - қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес уақытша науқан емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру барша азаматтың борышы екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, жахандану барысында білімді, парасатты, адал ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың мақсат - міндеті екендігін хабарлай отырып, еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жою бағытындағы басты құрал ол білім алушыларға болашаққа бағыт бағдар беру қажеттігін ортаға ұсынды.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп білім саласында жас буынның бойында парасаттылық пен адалдықты қалыптастыруға бағытталған бірнеше жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта осы тараптағы жұмыстарымызды Сыр өңірінде ондан әрі жетілдіруге ниетті екендігімізді жеткізгім келеді, – деді білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы.
Сондай-ақ, эфир барысында жыл басынан білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы толыққанды ақпарат берді.