Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «English for jastar» жобасы өз мәресіне жетті

«English for jastar» жобасы өз мәресіне жетті


Іс-шараға «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық партия филиалының кеңесшісі Берік Ахметов, аудандық білімі бөлімінің әдіскері Салтанат Ғалымжанқызы қатысты.


Марапаттау салтанатында А.Ибрагимұлы «English for Jastar» жобасының басты мақсаты оқушылардың ағылшын тілін үйренуіне жағдай жасау екенін айтып, жобаның ерікті қатысушыларына алғысын білдірді.

– Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген сөзі бар. Адамды адам еткен алдымен – еңбек болса, одан соң – білім екені даусыз. Ал бүгінгі жаһандану заманында білімнің қоғамдағы рөлі тіптен маңызды. Қазіргі таңда біздің мақсатымыз не, бағытымыз қандай? Басты мақсатымыз – Мәңгілік Ел болу, дамыған, әлем алпауыттарымен терезесі тең, ешбір көштен қалыспайтын бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптасу болса, осы мақсаттарға жетудің жалғыз кепілі – білімді ұрпақ, саналы халық. Адамның басында білім, көкірегінде жарық шамы болмаса ол өзі жүрген қараңғыда қолындағы барынан айрылады. Білімсіз жұмсалған күш-жігер де, еңбек те өнімсіз. Ал халқы білімді елдің күллі әлемге көзі ашық болады. Осы ретте «Jas Otan» жастар қанатының бастамаcымен ұйымдастырылған «English for Jastar» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Жоба басталғанда сіздермен кездесіп, сәттілік тілеген болатынмын. Сіздер 36 сағаттық курсты нәтижелі қорытындылап, білімдеріңізді толықтырдыңыздар. Алдағы уақытта ағылшын тілін тереңірек меңгеруге ден қояды деп сенемін, – деген «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы оқушыларды оқытып, бағыт-бағдар берген №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қарлығаш Сәдуоваға «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Н.Жетпісбаевтың Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ ағылшын тілін үйрену курсына қатысушы оқушыларды сертификатпен марапаттады.

Марапаттау іс-шарасында аудандық партия филиалының кеңесшісі Берік Ахметов пен аудандық білімі бөлімінің әдіскері Салтанат Ғалымжанқызы халықаралық қатынастар тілін меңгерудің тиімділігі жөнінде мысалдар келтірді. Оқушылардың ұстазына облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Төрешованың Алғыс хатын табыстады.

01 қараша 2021 ж. 267 0