Жастарға арналған «ENGLISH FOR JASTAR» жобасы басталды
Сырдария ауданында «Jas Otan» Жастар қанатының «English for jastar» жобасы басталды. Жоба аудандық білім бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – мектеп оқушыларының ағылшын тілін тегін оқуына жағдай жасау, ағылшын тілін үйренуіне жан-жақты қолдаулар көрсету.
«English for jastar» жобасының басталуына орай «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы жоба қатысушыларымен кездесіп, пікірлесті. Карантин талаптары сақтала отырып ұйымдастырылған кездесуге аудандық білім бөлімінің әдіскері Салтанат Ғалымжанқызы, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада Ешмұратова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «English for jastar» жобасының аудандағы тренері Қарлығаш Сәдуова қатысты.
Оқушылармен кездесуде Ақтөре Ибрагимұлы ағылшын тілін үйренудің маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде мысалдар келтірді.
– «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл». Бұл ата-бабаларымыздан жеткен даналық сөз. Тіл қатынас пен пікірлесудің таптырмас құралы болғандықтан, қанша жұрттың тілін білсең, сонша түрлі ілім игеріп, білім көкжиегің кеңейе түседі. Ағылшын тілін кәсіби тұрғыда меңгерсек, өзіміз үшін жақсы. Шет елге шыққанда ағылшынша емін-еркін пікірлесіп, қалаған сұрағымызға жауап ала алсақ, бұл біздің өзгелерден басты артықшылығымыз болады. Сондықтан «Jas Otan» Жастар қанатының жобасын тиімді пайдалануымыз қажет. Жоба қатысушыларына сәттілік тілеймін, біз жоба аяқталғанша тағы да кездесетін боламыз. Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібековке ризашылығымызды білдіреміз, – деді «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы.
Атап өту қажет, жоба аясында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілін үйренуге құштар оқушылары үшін арнайы топ ашылған. Топта 20 оқушы бар. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «English for jastar» жобасының аудандағы тренері Қарлығаш Сәдуова аптасына үш рет ағылшын тілін үйренуге құштар оқушылар үшін дәріс беретін болады. Жоба соңында белсенді оқушылар марапатталады деп жоспарлануда.