Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Республикалық жарыс жеңімпаздары марапатталды

Республикалық жарыс жеңімпаздары марапатталды

Республикалық Ұлттық лига «Теңбіл доп» жарысында №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебі мен №137 орта мектебінің оқушыларынан құралған команда жүлделі ІІ орын иеленді.

Осыған орай бүгін карантин талаптары сақтала отырып марапаттау іс-шарасы ұйымдастырылды.

Марапаттау іс-шарасына «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Омаров, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар, №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің директоры А.Әлиева қатысты.

Оқушылардың жеңісіне орай «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің ұсынысымен аудан әкімі Т.Дүйсебаевтың Алғыс хаты дене шынықтыру пәні мұғалімдері Н.Ерғалиев пен Р.Бисембаевқа және құраманың капитаны А.Қуандықовқа берілді. Аудан әкімінің марапатын «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы табыстады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Омаров пен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар республикалық жарыс жеңімпаздарының ұстаздарына, оқушыларға арнайы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берді.

23 сәуір 2021 ж. 750 0