Психологиялық Тест: "Суреттен не байқадыңыз?"
Жоғарыдағы суретке қарап, Роршах дағын бір жануарға ұқсатыңыз. Артынша төмендегі жауаптарды оқыңыз.
1. Мысық пен түлкі. Бұл кеңінен таралған ассоциация. Егер жоғарыдағы суреттен мысықты немесе түлкіні, әсіресе тұмсығын көрген болсаңыз, сіз дені сау адамдардың қатарына жатасыз.
2. Көбелек. Суреттен көбелекті көруіңіз ішіңізде жеңіл когнитивті көңіл-күйдің болып жатқандығын білдіреді. Ережеге сәйкес көбелекті жасы жиырмаға толмаған, жеңіл күйзеліске жиі түсетін адамдар байқайды. Көбелек үйлесімділіктің символы.
3. Жарқанат. Жарқанатты жиі агрессияға тап болатын, қатал мінезді адамдар көреді. Андрей Чикатило Роршах тестінен жарқанатты көрген екен.
4. Өлген жануардың терісі. Аюдың, жолбарыстың немесе қасқырдың терісі психиканың мықтылығын білдіреді. Мұндай адамдар өмірден не алатынын, мақсатына қалай жету керектігін жақсы біледі. Аң терісі жабайы аңдарды жеңу деген сөз, яғни өзінің қорқынышын сейілтуді білдіреді.
5. Теңіз шаяны. Теңіз шаянын дүрбелеңге жиі салынатын, үнемі қорқып жүретін адамдар көреді.
6. Екі аю субұрқақтың үстінде ойнап жүр. Бұл ассоциация көп кездесе бермейді. Әдетте тұлғаның шизофренияға бейім екенін танытады. Алайда Роршах тесті диагнозды 100 % расталатындай етіп қоймайды, тек болжайды.Екі аюды қиялы ұшқыр адамдар да көруі мүмкін.