Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әмиянға қарап адамын таны... (психологиялық тест)

Әмиянға қарап адамын таны... (психологиялық тест)


Психологтардың айтуынша, біздің әрбір қолданатын заттарымыз өзіміз туралы қандай да бір ақпарат береді екен. Әсіресе, күнделікті тұтынатын заттарымыз дәл мінездеме беретін көрінеді. Ендеше, бүгін әмияныңызға қарап сіз туралы айтып көрейік?!
1. Конверт пішінді әмиян. Мұндай әмиян барлық затты сақтай беруге ыңғайлы, мысалы суреттер, несие немесе банк карталары. Бұл әмиянның иесі көп сауда жасайды. Өзіне немесе отбасы үшін бірнәрсе сатып алуға құмар. Әдетте олар барлығының өз орнымен болғанын қалайды. 

2. Қатпарлы әмиян қалтаға да, сөмкеге де оңай салынады. Ол әмиянның иесі белсенді, адамдармен тіл табысқыш, еркіндікті бағалайтын және уақыттың қадірін білетін адамдар. 

3. Туристік әмиян яғни барлық заттарға арналған. Бұл жандар жұмыс барысымен жиі іс сапарға шығуы мүмкін. Осындай әмиян ұстайтын адамдар сабырлы, ұқыпты, сенімді болып келеді, әрі бірден нақты шешім қабылдай алатын қасиеті бар. Ой-өрісі де кең. 

4. Несие карталарын салатын әмияды үлкен қаланың тұрғындары жиі ұстайтын көрінеді. Олар өте сақ адамдар, ақылды, энергияға мол болып келеді. Заманауи өмір сүруді қалайды, кез келген жағдайдан ләззат ала біледі. 

5. Жарқын дизайнды әмиян ұстайтындар, жастарының қаншада екеніне қарамай, жандарының жас екенін білдіреді. Олар өмірден тек жақсылықты, кереметті ғана көреді. Үнемі ерекше идеяларға толып жүреді. 

6. Бір қызығы, әмиянсыз жүретін адамдар туралы мінездеме беру қиын екен. Ақшасын сөмке немесе қалтадан шығарып беретін адамдардың қаржылық жағдайы тым керемет болмайды екен.

Дереккөз:alashinform.kz
08 ақпан 2018 ж. 2 918 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 19:44
Wirkung Von Viagra Wiki Viagra Cialis Levitra Preisvergleich Clomid Mois Par Mois cheap vardenafil 20mg Kamagra Farmacia Effects

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 12:09
Viagra Generico Pagamento Contrassegno prix du viagra france en beziers Cialis Shop Gelsenkirchen Isotretinoin For Sale Internet Kamagra Canada Vendita