Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыздық мәселесі талқыланды

Жұмыссыздық мәселесі талқыланды

Бүгін аудандық жастар ресусртық орталығының мәжіліс залында Қоғамдық келісім отырысы өткізілді. Оған "Қоғамдық келісім" коммуналдык мемлекеттік мекемесінің Сырдария ауданы бойынша сарапшысы, Сырдария ауданының жастар маслихатының депутаты Абай Мейрамбекұлы, Сырдария ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ажар Оразымбетова, аудандық жастар ресусртық орталығының директоры Ғани Оралов қатысты.

Жиын барысында аудан бойынша жұмыссыз жастардың негізгі мәселелері талқыланды. Өз кезегінде орталық басшысы аталған мәселеге байланысты баяндама жасады. Баяндамада орталық директоры жастардың жұмыссыздық мәселесі жөнінде бірқатар ақпар берді. Қазіргі таңда ауданда 491 жұмыссыз жас бар. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында 110 жас жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы бойынша қоғамдық жұмыспен176 , жастар практикасымен 175 жас жұмысқа тартылған.

Отырыста "Қоғамдық келісім" коммуналдык мемлекеттік мекемесінің Сырдария ауданы бойынша сарапшысы, Сырдария ауданының жастар маслихатының депутаты Абай Мейрамбекұлы, Сырдария ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ажар Оразымбетова жастардың жұмыссыздық көрсеткіші жайында өз пікірлерін ортаға салды.
04 қазан 2021 ж. 385 0