Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді

Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасырұлының шаңырағында болып, Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Бүгінде 100 жасқа келген ардагер, екінші дүниежүзілік соғыста Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылы майданға жіберілген. 1943 жылы Курскіге келіп жеті ай соғыс тактикасына машықтанып, 76 миллиметрлік артиллерия зеңбірегінің атқышы болған. Соғыс жылдарында жаудан Сталинградты, Курскіні, Барановичті, Польшаны азат етуге қатысқан. 1945 жылы Берлинге жетпей Данциг қаласында неміс әуе десантымен қиян-кескі соғыста екі аяғынан бірдей жараланып, Москвадағы госпитальда емделген. 1945 жылдың тамыз айында елге оралған.Өңіріміздің дамуында қызмет атқарып, бүгінде ағайын арасында үлкен абыройға кенеліп отыр.

Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасырұлына кент әкімі Нұржан Бисенбаев , аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Еркебұлан Жақып пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаевта ізгі тілектерін айтып, мерекемен құттықтады.

Құрметке бөленген соғыс ардагері Яхия Тасырұлы алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ынтымағымыз жарасып, бірлігіміз бекемдеп, тыныштығымыз бен тұрақтылығымыз сақталып, болашағымыздың баянды болуын тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 қазан 2021 ж. 711 0