Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қызылордада цемент бағасы түсті

Қызылордада цемент бағасы түсті

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің қатысумен «Цементті өндіру және өткізу нарығындағы мәселелері» тақырыбында «Open Space» кеңсе отырысы өткізілді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

«Қазіргі таңда облыс бойынша цемент бағасы өткен жылымен салыстырғанда біршама өскен. Бұл өңірде тауарлық бетон, құрылыс компаниялары салып жатқан үйлердің де бағаларының өсуіне әкеп соғып отыр. Сондай-ақ, баға өсу жағдайы әсіресе халықтың наразылығын тудырып жатыр. Сондықтан аталған компанияның басшылығына өз ұсынысымызды жеткізіп отырмыз», – дейді департамент басшысы Е.Орынбаев.

Бас қосуда «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің бас басқарушысының сату жөніндегі орынбасары Сун Вэнбиньцемент бағасының өсу себептерін түсіндіріп, бағаны түсіру үшін тиісті жұмыстар атқаруға уәде берген.

Бүгінде «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, департаментпен өткізілген «Open Space» кеңсе отырысында айтылған ұсыныстар ескерілді. Қазіргі таңда ЦЕМ ll/А-Ш 32,5 Н (ПЦ400 Д20) цемент маркасының бағасы – 1 тоннасына 500 теңгеге төмендетілді.
30 қыркүйек 2021 ж. 762 0