Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Нағи Ілиясов ауылында «Күріш» мұражайы ашылды

Нағи Ілиясов ауылында «Күріш» мұражайы ашылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Нағи Ілиясов ауылында «Күріш» мұражайы ашылды.

Музей – өткен тарихты , бабалар салып кеткен сара жолынан хабар беретін киелі орын.Тек тарихты насихаттап қана қоймай, өткен мен бүгінді ұштастыратын тәрбие ордасы.

Сонымен бірге, жас ұрпақтың өз өлкесін танып білуге ғана емес, көне жәдігерлердің сырларына үңіліп, өздеріне қажеттінің барлығын керегіне жаратады.

Осындай халыққа ауадай қажет ұлттық тарихты насихаттайтын мәдени білімнің орталығын ашуға өз үлесін қосқан «Абзал және Компания» Толық Серіктестігіне «Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ауыл тұрғындары алғысын білдіруде.

Музейдің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына туған жеріге деген сүйіспеншілікті сіңіру. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі ретінде осы жерге еңбегі сіңген ардагерлердің өмір жолы мен еңбектерінен сыр шертетін құнды дүниелерді де қойып отырмыз. Бұл музейдің шежірелі тарихымызды танытып, өткенді жаңғыртуда алатын орны зор болмақ.
26 қыркүйек 2021 ж. 682 0