Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бүгін ел аумағында жел күшейеді

Бүгін ел аумағында жел күшейеді

Қазгидромет 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Сондай-ақ, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар күйіндегі жауын-шашын жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.

15 сәуір 2020 ж. 696 0