Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСОТАНДЫҚТАР ЖІГЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ЖАСОТАНДЫҚТАР ЖІГЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ


Еліміздің даму үдерісі қалыптасқан уақыттабарлық саланың өсіп-өркендеуі анық байқалды. Халық әлеуетін көтеру жолында жетекші партияның атқарған бағдарламалық жұмысы жетерлік. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының серпінді басым-бағыттары ел тұрақтылығын сақтауда өзіңдік үлес салмағы зор. Оның ішінде біз секілді жастардың жан-жақты қоғам өміріне етене араласып, озық үлгідегі білім алуына мүмкіндік беріліп келеді. Кезекті съез партияның жиырма жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылау, партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия саяси кеңесінің құрамын жаңарту жоспарлануда. Аталған съездің патиямыздың 20 жылдығы аясында басты іс-шара боларына және алдағы жылдардағы мақсат-міндеттерді анықтап, саяси ұйымның одан әрі жаңғыруына тың серпін беретініне сеніміміз мол.
Адамдардың күнделікті тыныс тіршілігін, немен өмір сүріп, не нәрсеге үміттеніп, сенім артатынын біліп отыру кез келген партияның маңызды ұстанымы. Бүгінгі күннің билері үшін елдің сенімі, артып отырған үміті үлкен мәртебе. Сонымен бірге асқан зор жауапкершілікті жүктейді. Сол сенім мен жауапкершіліктің биігінен көріну жолында «Нұр Отан» партиясы үнемі ізденісте болып, тың серпіліспен жұмыс атқаруда.
Стратегиялық маңыздылығы жоғары, келешегі кемелденген «Нұр Отан» партиясының биыл 20 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының бастамасы арқылы ауданымызда «English for jastar» жобасын бастаған болатын. Жоба аясында ағылшын пәні мұғалімдерінен еріктілер жасақталып, облысымыздың бірқатар аудандарындағы мектептерде ағылшын тілін тереңдете отырып, оқып-үйрету жұмыстарды жүзеге асырды. Осыған орай «Жас Отан» жастар қанатының бастамашылдығымен ұйымдастырылған «English for jastar» жобасы өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Жобаның басты мақсаты ауыл жастарына ағылшын тілінің тұрмысқа қажетті деңгейде үйрету. Осы бағытта Сырдария ауданының №35, №126, №42 лицей-мектептерінде ағылшын тілінен сабақтар өткізіліп жатыр. Біліктілікті жас ұстаздар өткізген ағылшын тілінің сабақтары толық түрде ұйымдастырылуда.
Осы ретте біз «Жас Отандықтар» өз достарымызбен бірге Елбасы ұлағатын сіңіріп, Президент атап айтқан Қазақстандық табыстың үш кілті – бірлікті байрақ, тағаттылықты тұғыр, тарихты тағылым етіп, сәт сайын жаңарып жатқан әлемде Сұлтанмахмутша айтқанда : «Күн боламыз Отанымыздың дәулеті артуы үшін білімге ұмтыламыз». Талай білім додасына түсіп, намысты қолдан бермейміз. Біз оған һәм сенімдіміз. Біз жастар лекке сенген заманда ешкімге есе бермеген бабаларымыздың жолын ұстап, білімге сенген заманда жеті түрлі білім алып, жеті жұрттың тілін біліп, қазақ елінде саламатты өмір салтының салтанат құруына ат салысады деп сенім білдіремін.
Айдос ОМАРОВ,
«Жас Отан» жастар қанатының Сырдария аудандық филиалы төрағасы.
27 ақпан 2019 ж. 694 0