Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сәкен Бибосынов: Нокдаун болатындай, есімнен танып қалған жоқпын

Сәкен Бибосынов: Нокдаун болатындай, есімнен танып қалған жоқпын

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Олимпиададағы жартылай финалдық жекпе-жегіне тоқталып, Джалаль Яфаи соққысынан кейінгі нокдаунға қатысты пікір білдірді деп жазады Olympic.kz. 

"Шыны керек, нокдаун болатындай, есімнен танып қалған жоқпын. Шаршы алаңдағы жағдайды толық бақылап тұрдым, айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Бірақ төреші солай есептеген соң, қапталдағы қазылар да бірінші раундты 5:0 есебімен қарсыласыма берді.Екінші раундта толық жеңдім деп ойлаймын. Үшінші раундта да менің ұпайымды түгел бермеді. Сондықтан, қорытынды шешімді айтқада, көз жасыма ерік бердім.Кейін жеңіс тұғырынан түскен соң Яфаимен аз-кем сөйлестім. Менің қолымда тұрған ештеңе жоқ, төрешілер солай шешті дегенге келтірді. Ал филиппиндік боксшы финалда менімен кездесем деп ойлағанын айтты. Қарсыластардың жылы ілтипаты да мерейіңді өсіреді екен", - дейді Бибосынов. 
25 тамыз 2021 ж. 569 0