Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Журналист, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин өмірден озды

Журналист, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин өмірден озды

Журналист, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин өмірден озды, деп жазады Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы "фейсбук" әлеуметік желісіндегі ресми парақшасында.

Қазақ телевизиясының құрметті ардагері Сұлтан Оразалин 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған.

Ол - Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдебидрамалық программалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, 15 жылдан астам басқарды.

Олардың ішінде «Сұхбат», «Қымызхана», «Кездесу», «Шұғыла», «Айтыс», «Халық қазынасы» т.б. хабарлар циклы мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фабрикасы», «Қашқын» т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды.

«Айтыс» хабарын ол тұңғыш рет ұйымдастырып, көп жылдық бағдарламасын жасады, алғашқы хабарды өзі эфирде жүргізді. Оразалин ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнер т.б. қайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихатталуына зор үлес қосты.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы атынан қоғам қайраткерінің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.

22 тамыз 2021 ж. 496 0