Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мұрат Бақтиярұлы аралдықтармен кездесті

Мұрат Бақтиярұлы аралдықтармен кездесті

Арал ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен, бірқатар сала басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бас қосты, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Кездесу барысында Мұрат Бақтиярұлы Парламент Сенатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысын таныстырып өтті.

Сонымен қатар ауданымыздағы қуаңшылық мәселесіне мән бере отырып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың аяқ алысын тыңдады. Бұл жөнінде аудан әкімі Серік Сермағамбетов сөз алып, қуаңшылық салдарын еңсеру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың түйінін тарқатты. Сондай-ақ, алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды.

Ауданның тыныс-тіршілігіне қаныққан Мұрат Бақтиярұлы осындай қиын кезеңде ауданға басшылық қызметке келген аудан әкіміне оң бағасын беріп, қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар осы кезеңдегі аудан үшін өзекті мәселелерді шешуге атсалысатындығын жеткізді.
22 тамыз 2021 ж. 600 0