Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Атқарушы билікке алғысымыз шексіз

Атқарушы билікке алғысымыз шексіз

Тереңөзек кентіндегі Достық көшесінде 25-тен астам тұрғын үй мен 150-ге жуық тұрғын бар. Осы аптаның сәрсенбісінде аталған көшеге жүргізілген түнгі жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындар өтініші орындалды. Осы жаңалықты редакцияға хабарлап, қуанышымен бөліскен көше тұрғындары «атқарушы билікке алғысымыз шексіз» дейді.

Отыз жылдан астам тарихы бар Достық көшесінің тұрғыны Ибрагим Сейілов – көшеге түнгі жарықшамдар орнату қажет екеніне назар аударып, аудан және кент әкімдігіне өтініш айтқандардың бірі. Бұл өтінішті көшенің үлкендері мен жастары қолдап, былтыр кент әкімдігі жоба-сметалық құжаттама дайындауды бастаған болатын. Енді, міне, жұмыс аяқталып, көше көріктене түсті.

– Жоба-сметалық құжаттама дайындау жұмыстары ауданды Руслан Рүстемұлы басқарған уақытта қолға алынған болатын. Кейін Талғат Тұрсынұлының тапсырмасымен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен жарықтандыру бағытында тиісті қаржының қаралғанын білеміз. Ал Мұрат Нәлхожаұлының басқаруымен тұспа-тұс келген кезеңде жұмыстар толық аяқталды. Бұл – біздің көше үшін тарихи жаңалық. Сондықтан аудан әкімдеріне, кент әкімшілігіне, мердігер мекеме өкілдеріне алғыс айтып, жұмыстарына жеміс тілейміз, – дейді еңбек ардагері Ибрагим Құрманайұлы.

Жарықтандыру жұмыстарын кент әкімдігі тұрақты түрде назарда ұстады. Өткен аптада мердігер мекеме өкілдерін жинап, тұрғындардың қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиында кент әкімінің міндетін атқарушы Ғани Нұртазаев жарықтандыру жұмыстарын сапалы, талапқа сай жүргізу қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттары Еркебұлан Жақып пен Ақтөре Ибрагимұлы бірқатар ескертпе айтқан болатын. Мердігер мекеме өкілдері айтылған сыннан нәтиже шығарып, барлығын ретке келтірді. Көше жарығының қосылғанына риза Достық көшесі тұрғындарының енді балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілсе деген тілектері бар.


Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
27 шілде 2021 ж. 510 0