Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңа кодекс қолданысқа енгізілді

Жаңа кодекс қолданысқа енгізілді

«Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасына сәйкес биыл шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс қол­да­ныс­қа енгізілді. Аталмыш кодекс аясында азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабыл­дау процесіне белсенді қатысуға мүм­кіндік беріледі.

Кодекс әкімшілік рәсімдер мен жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу жөніндегі арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Мем­ле­кеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, оларды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін кодекс екі бағыттан тұрады: біріншісі – әкімшілік рәсімдер, екіншісі – әкімшілік сот ісін жүргізу.

Бүгінгі таңда әкімшілік әділет құрылы­мына күрделі өзгерістер енгізілуде. Нақ­ты айтқанда, бұған дейінгі «Әкімшілік рәсім­дер туралы» және «Жеке және заңды тұлға­лардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң өз күшін жойды. Енді заңдармен реттелген қатынастар «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодек­сімен қаралады.

Жаңа кодекс шешім шығарылғанға де­йін әкім­шілік процестің барлық сатысында татуласу, медиация туралы немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу мүмкіндігін көздейді. Сонымен қатар жоғары тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру кодекс арқылы жүзеге асады. Оған қоса, жаңа құжат мемлекеттік емес ұйымдармен және тұлғалармен өзара қарым-қатынасты реттейтін болады. Мысалы, ұлттық компаниялар, жеке сот орындаушылармен, яғни, мемлекеттік өкілеттіктердің бір бөлігі берілген және кейбір билік пен әкімшілік функциялары бар субъектілермен байланысты ретке келтіреді.

Жалпы, кодексте сот ісін жүргізудің жеке әкімшілік нысаны белгіленеді. Оның қажет­тілігі Азаматтық іс жүргізу ко­дексіндегі ерекше талап қою ісі мұн­дай істердің жария-құ­қықтық сипатын көр­сетпейтіндігімен тү­­сін­­діріледі. Сон­дық­тан қоғамдық құқықтар туралы істер аза­маттық сот ісін жүргізу тәр­тібімен қаралмауы керек. Онда тараптар тең, ал әкім­шілік құқықтық қатынастарда жеке тұлға мемлекетке тең емес. Осылайша, кодекс, оны әзірлеуші идеясы бойынша, мемлекетпен дау­ларда құқық қолдану практикасына айтарлықтай өзгерістер енгізуі керек.

Жаңа кодекстің негізгі мақсаты азамат­тардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Онда қазіргі уақытта қолданылып жүрген «Жеке және заңды тұл­ғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға қарағанда, өтінішті мемлекеттік органға келіп түскен сәттен бастап өтініш берушіге жауап жолдағанға дейінгі оны қарау процесінің барлық кезеңі, сондай-ақ шағым жасаудың бүкіл рәсімі неғұрлым нақ­ты регламенттелген. Сонымен қатар, айтарлықтай жаңа­шылдықтардың бірі – енді өтініш берушінің оның өтінішін қараудың әрбір кезеңіне, оның ішінде түпкілікті шешім қабылдауға қатысуға құқығы бар. Хабарламаларды, ұсыныстарды, пікірлерді және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.

Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау қорытындылары бойынша мынадай шешім­дердің бірі шығарылады:

1) хабарламаның, ұсыныстың, жауап­тың, сұрау салудың мәні бойынша жауап немесе ақпарат беру;
2) назарға алу;
3) оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқ­та­ту.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкім­шілік актіге, әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетке (әрекет­сіздікке) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылы. Бұл ретте, әкімшілік рәсімдер шеңберінде өтініштерді қарау мерзімі қолданыстағы заңнамаға қарағанда күнтізбелік 30 күннен 15 жұмыс күні­не дейін қысқартылады (объективті себептер бойынша 2 айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүм­кін­дігімен). Шағым, әкімшілік акті, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым­данып жатқан сәйкес әкімшілік орган, лауазымды тұлға атына беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағым келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Осы тұста, әкімшілік актісі, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды тұлға, егер ол 3 жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарастырғаннан кейін жол беріледі.

Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік орган­ға, лауазымды тұлғаға әкімшілік рәсім­ге қатысушыға әкімшілік актінің қабыл­данғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әре­кетсіздіктің) жасалғаны туралы бел­гі­лі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі. Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды. Оны қарайтын орган шағымды қарап, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) әкімшілік актінің күшін жою туралы;
2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;
3) әкімшілік әрекеттің жасалғаны туралы;
4) шағымды қанағаттандырусыз қал­дыру туралы;
5) әкімшілік істі әкімшілік актіге, әкім­шілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға жі­берілген бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіле отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға жіберу туралы шешім қа­былдау туралы;
6) шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірі.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңға қарағанда, жаңа кодексте дауларды әкім­шілік әділет тәртібімен шешу реттеледі. Яғни өтініштерді әкімшілік орган­ның немесе лауазымды тұлғаның ғана қарау және жоғары тұрған әкімшілік органдарға шағымдану рәсімі ғана емес, сондай-ақ шағымдарды мем­лекеттік соттардың кейіннен қарауы (әкімшілік сот ісін жүргізу) көзделген.
Демек, әкімшілік әділетті енгізу құқықтық мем­лекетті дамытуда маңызды қадам болуға және Қазақстан азаматтарының конституциялық құ­қықтарын қорғаудың тиімділігін неғұрлым жоғары деңгейге көтереді деген сөз.

А.ЖҰМАБЕКОВ,
Сырдария ауданы әкімі
аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы
21 тамыз 2021 ж. 602 0