Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Саулық – сақтықта

Саулық – сақтықта

Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақтамай тұр. Осыған орай аймақтың медицина саласының мамандары тұрғындардан сақтыққа салғырт қарап, індеттің өршуіне бейқамдық танытпауды сұрайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық психикалық денсаулық орталығының мейірбикесі Мақпал Мүсіркегенова көпшілікті сақтық шараларын сақтауға шақырып, індетке қарсы екпе алуға үндеді.

«Мен коронавирус дертін емдеу жолында еңбек етіп келе жатқан мейірбикемін. Қазір бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын білемін. Сол себепті алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Бүгінгі күні денсаулығыма қатысты кінәрат жоқ. Бүгінде әлем елдері бойынша коронавируспен күрес жалғасып келеді. Бұл індетті екпе салдыру арқылы ғана ауыздықтау мүмкін болып тұр. Сондықтан жерлестерімді вакцина салдыруға шақырғым келеді. Саулық - сақтықта екенін ұмытпаған жөн», - деді М.Ерханқызы.

Сонымен қатар облыстық психикалық денсаулық орталығының мейірбикесі әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұрғындарының басым бөлігі вакцина қабылдаған мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуал жақсарғанын атап өтіп, тұрғындарды екпеге қатысты алып қашпа сөзге емес, мамандар кеңесіне құлақ асуға шақырды.
19 тамыз 2021 ж. 290 0