Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Вакцина - қауіпті дерттен қорғайды

Вакцина - қауіпті дерттен қорғайды

Қазіргі күні Әлем елдері бойынша коронавирус індетіне қатысты ахуал қиындап барады. Кеселмен күресу мақсатында толықтай өндірістерін тоқтатып, локдаун жариялаған мемлекеттер де бар. Күн өткен сайын осы кеселдің кесірінен көз жұмып жатқан азаматтардың да саны артып бара жатыр. Өкінішке орай, біздің елімізде де жағдай өте күрделі. Қазір облысымыз «Қызыл аймақта», санитарлық ахуалдың жақсаратын түрі жоқ. Инфекцияның осылай өршіп кетуіне көп жағдайды өзіміздің сақтық шараларына салғырт қарауымыз себеп болып жатқанын мойындау керек.

Кеселді жеңудің жалғыз жолы бар. Ол - вакцина салдыру. Бүгінгі күні аймағымызда екпенің қажетті мөлшері бар. Облыс орталығындағы бірнеше емханаларға барып, вакцина салдырып алуға жағдай жасалған.

Соңғы уақытта әлем елдері бойынша коронавирус індетінің мутацияланған жаңа түрі қауіп төндіруде. «Дельта штамы» жұғу жағынан тез, әрі салдары ауыр вирус. Екпе салдырған азаматтар өздерін аурудан қорғап, аыналасына қауіпсіз болады. Осыны естен шығармаған абзал.

Вакцинадан бөлек, сақтық шараларына да көңіл бөлген жөн. Күнделікті бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығы айтылып жатыр. Осы кеңеске құлақ асатын кез келді деп санаймын. Өздеріңіздің өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңыз үшін той-томалақтардан бас тартқан дұрыс.

Ақмарал Маханбетжанова Әбітайқызы,
Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас мейірбикесі 
19 шілде 2021 ж. 594 0