Өміріңізді сақтаудың бір жолы – вакцина

«Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Өкінішке орай, қауіпті кеселді ауыздықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Оның үстіне, қазіргі таңда вирустың мутацияланған жаңа түрі «Дельта» штамның қауіптілігі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұл түрінің жұғу пайызы жоғары. Сондықтан, бұл дерттің алдын-алып, сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру», - деді Лаура Есенгелдіқызы.
Әрине, екпе алу арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғай аламыз. «Сovid-19» пандемиясы кезінде вакциналау өте маңызды. Бұл жұқпалы аурудың таралуын бәсеңдетеді. Сондықтан аурудың алдын алу және жақындарымызды қорғау мақсатында жаппай вакцина алуымыз қажет.