Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Халық қалаулысы ардагермен кездесті

Халық қалаулысы ардагермен кездесті

Бүгін Сырдария аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы «Nur Otan» партиясының Канвассинг жобасы аясында еңбек ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Рақымжан қажы Бәйменовпен кездесті. Бұл туралы халық қалаулысы "фейсбук" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

– "Бүгін еңбек ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Рақымжан қажы Бәйменовтің шаңырағында болып, карантин талаптарына сәйкес кездесу өткіздім.

Ардагерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының аудандағы орындалу барысы, депутаттық қызметімнің жартыжылдық қорытындысы және алдағы жоспарларым жөнінде ақпарат бердім.

Ақсақал депутат мандатын иеленген азаматтар халық пен билік арасында дәнекер болуы қажет екенін атап, атқарып жатқан жұмыстарымыздан хабардар екенін айтты. Кездесу соңында алғаусыз ақ көңілімен ақ батасын берді, – делінген жазбада.
30 шілде 2021 ж. 676 0