Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Карантин бес қалада қатаңдатылады

Карантин бес қалада қатаңдатылады

Карантин талаптары күшейетін бес ірі қалада жұмыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамайды және Ashyq жүйесі де енгізілмейді, деп хабарлайды sputnik.kz.

Карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда қатаңдатылады. Өйткені Қазақстан бойынша тәулік ішінде вирус жұқтырғандардың 65%-і мен қайтыс болғандардың 55%-і осы қалаларда тіркеліп отыр.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Ashyq жобасына қосылмаған барлық кәсіпкерлік нысаны қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр.

Sputnik Қазақстан тілшісі бұл талап сенбі-жексенбі жүрмейтін қоғамдық көліктің жұмысына қатысы бар ма, жоқ па, соны анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратынша, бұл қалалардың қоғамдық көлігі Ashyq жүйесіне қосылмайды.

"Қазіргі таңда қоғамдық көлікке қатысты қосымша шектеулер енгізу қарастырылмаған", - деп мәлімдеді комитеттегілер.

30 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысынан басқа бүкіл өңір "қызыл" аймақта тұр. Бұл облыс әзірге "сары" аймақта орналасқан.

Өткен тәулікте республикада вирус жұқтырған 7 778 адам тіркелді.
30 шілде 2021 ж. 524 0