Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдағы елді мекендердің 39-ы ауыз су жүйесімен қамтылған

Аралдағы елді мекендердің 39-ы ауыз су жүйесімен қамтылған

Арал ауданында 50 елді мекен бар. Осы елді мекендердің 39-ы яғни 78%-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылса, 10 елді мекен орталықтандырылмаған көздер (скважиналар) және 1 елді мекен тасымал арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов мәлімдеді.

Осы жылдың мамыр айында бастау алған Аққұлақ елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және ескі су айдау стансасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

«Бұдан бөлек Ақбасты, «Абай-Тоқабай» елді мекендерін ауыз су жүйесіне қосу үшін Су ресурстар комитетімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып «Сапа Құрылыс» мекемесі жеңімпаз болып анықталды. Бастапқы бөлінген қаржы 100 млн. теңге. Техникалық қадағалаушы анықталуда», - деді аудан басшысы Серік Сағитжанұлы.

Сонымен бірге, Арал қаласының №5 шағын ауданының су құбыры желісінің құрылысына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал, 2020 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Көктем елді мекенін ауыз суға қосу бағытында тиісті орындарға бюджеттік өтінім тапсырылды.
22 шілде 2021 ж. 396 0