Арал ауданына 2499 тонна шөп жеткізілді
Арал ауданы бойынша биылғы төлді қоса есептегенде және алдағы қыста даладағы барлық малды қолға ұстау қауіпін ескере отырып, ауданға қажетті шөптің көлемі 184640 тонна болып нақтыланды.
Бүгінгі күні осы қажеттілікке сәйкес 2499 тонна шөп және 51,2 тонна жем жеткізілсе, ауданның шабындық жерлерінен 36453 тоннасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қалған 146000 тонна шөпті сырттан тасымалдау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі таңда «Қызыл аймақ» бойынша 1252 тонна шөп және 16,2 тонна жем, «Сары аймақ» бойынша 788 тонна шөп және 30 тонна жем, «Жасыл аймақ» бойынша 216 тонна шөп, Арал қаласы бойынша 243 тонна шөп және 5 тонна жем жеткізілген.Бұдан бөлек, Аманөткел ауылында 25 отбасыға 12 прес шөптен барлығы 300 прес, Жетес би ауылында 30 отбасыға 23 прес шөптен 700 прес қайырымдылық көмек ретінде тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілді.