524 адам вакцина салдырды

Аймақта жыл басынан бері әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының стационарында 677 азаматқа, күндізгі бөлімшелерде 184 адамға қызмет көрсетілді.
– Қазір бізге қарасты медициналық мекеменің үшеуі Талсуат елді мекенінде, бірі Қазалы да, енді бірі қалада орналасқан. Бүгінде бұл мекемелерге облыстық бюджеттен азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық шығындары мен басқа да қажеттіліктеріне толығымен қаржы бөлінген. Сондай-ақ, Covid-2019 пандемиясына байланысты 2-3 айға жететін қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтар қоры да дайын. Оның ішінде, 5 тепловизор, 31701 бетперде, 273 литр антисептик, 258 дана қорғаныш костюм, 12603 дана қолғап, 2710 бахила, 340 бір реттік халат пен 593 термометр бар, – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.