Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Газ бағасы төмендетілді

Газ бағасы төмендетілді

«Сырдария-Нұрдаулет» ЖШС-нің 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

«Сырдария-Нұрдаулет» ЖШС-нің жылумен жабдықтау қызметі бойынша қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы 11157,58 теңге.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап, үш жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф 1 Гкалға ҚҚС-сыз 1642,27 теңге мөлшерінде немесе 1 Гкалға ҚҚС-сыз 3354,6 теңге қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 51 пайызға төмендетіп енгізілді.
09 шілде 2021 ж. 352 0