Адамзат 2600 жылы жойылады: Стивен Хокингтің үш болжамы
20 жасында мүгедектер арбасына таңылған әйгілі британдық физик, теоретик Стивен Хокинг адамзаттың болашағына қатысты маңызды болжамдар жасаған болатын.
Ол ақырзаманның қашан болатындығына байланысты, сондай-ақ алдағы мыңжылдықта күтілетін техногенді төңкерістер мен болашақтағы келеңсіздіктер туралы ескерту жасаған-ды. Ғалымның адамзат болашағы үшін айтқан болжамдарын Stan.kz ақпараттық агенттігі ұсынады.1. Стивен Хокинг адамдарды жер бетінен қашуға шақырды.
Кеше ғана дүниеден озған танымал британдық ғалым жер – ядролық соғыс, жасанды интеллект немесе генетикалық вирус әсерінен жойылады деген. Хокинг адамдарды жер бетінен қашуға шақырып, ғарыш кеңістігіне еркін самғайтын технология құрастыру керектігін айтты.
Сонымен қатар, зерттеуші соңғы елу жылдықта ғылымның алға жылжығанын, ал адамгершіліктің артта қалып бара жатқанын да меңзеген-ді. Ол қолдан жасалған білімнің адамзаттың жойылу қаупін төндіретінін айтып, аспанға қарамай еңбектенуге шақырды.
2. Өмірінің соңына дейін мүгедектер арбасына таңулы болған ғалым үш қауіпті атады.
Алдағы мыңжылдықта техногенді төңкерістердің болатыны туралы болжам жасаған физик ең әуелгі үш қауіпті атады. Біріншісі, ядролық соғыс, екінші, ғаламдық жылу, үшінші генетикалық вирус түрлерінің көбеюі. Ол қазіргі уақытта аталғандарды еш зияны болмауы мүмкін екенін, алайда біраз жылдардан соң, оның қауіп төндіретінін айтады.
«Жер ғаламшарында болатын апат қазір төменгі көрсеткіште. Алайда, уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Сондықтан бұл қауіп алдағы мың жылдықта немесе он мың жылдықта болуы мүмкін. Біз алдағы жүз жылдықта ғарышта автономиялы колониялар сала алмайыз. Сондықтан барынша сақ болу керек»», – дейді физик.
3. Адамзаттың болашағына алаңдаған Хокинг адамдарды ғылыммен айналысуға шақырды.
Олай болмаған жағдайда болашақта келеңсіздіктер болуы мүмкін екенін ескертті.
Ғалымның айтуынша, жасанды интеллект өздігінен дамып, адамзатты құртып жіберуге дейін барады және ол кезеңнің басталуы да алыс емес.
«Қазір адамдар компьютерлік вирустарды жасап жатыр, яғни болашақта жасанды интеллект те ойлап табады. Ол өздігінен дамып, жетіліп отырады. Бұл өмір сүрудің жаңаша түрі болады», – дейді Хокинг.
Ол адамзатқа қандай қауіп төненітінін айта келе, алдағы 30 жылдың ішінде адамдарды Жерден көшіру керек деген.
Физиктің айтуынша, Айға көшу арқылы жаһандық жылудан бастап астероидтардың құлауы сынды бірқатар проблемалардың алдын алуға болады.