Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ҰБТ-дан 138 балл жинады

ҰБТ-дан 138 балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде қызылордалық түлек Сымбат Асылбек ең жоғарғы 140 ұпайдың 138 ұпайын жинады. Түлек Шиелі ауданындағы №45 "Ақ орда" мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

– Таңдау пәнім – қазақ тілі мен әдебиеті. Маған тест сұрақтары қиындық туғызған жоқ. Мектеп қабырғасында алған білімім мен қосымша дайындығының арқасында осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Сынып жетекшім әрі пән мұғалімі Қалмырза Гүлнар апайға және барлық пән мұғалімдеріне үлкен алғысымды білдіремін,-дейді Сымбат Асылбек.

Айта кетейік, ұлттық тест 30 маусымға дейін жүреді. Әзірге дейін Қызылорда облысы бойынша 138 ұпай ең жоғарғы ұпай қатарында. Ал, екі оқушы 137 ұпай еншіледі.
14 маусым 2021 ж. 642 0