Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Учаскелік полиция көмекшісі қызметі енгізіледі

Учаскелік полиция көмекшісі қызметі енгізіледі

Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды baq.kz.

Министрдің айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде учаскелік полицияның маңызы зор. Осы орайда мемлекет басшысы учаскелік полицияның мәртебесін арттыру жөніндегі тапсырма берді. 
Учаскелік полиция қызметкерлерінің құзыреттілігін кеңейту үшін заңға өзгерістер енгізілуде. Қазір ауылдарда учаскелік полиция қызметкерлері жетіспейді. Кей жерлерде  үш-төрт ауылға бір қызметкерден келеді. Осыған байланысты ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу көзделіп отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірге учаскелік полиция пункттерін салу жоспарланған. Ауылдық жерде учаскелік полиция пунктінің жанына қызметкерге арналған баспана да салынатын болады. Жалпы учаскелік полиция қызметкерінің құзыреттілігін кеңейтуге ғана емес, материалдық жағдайын жасауға да назар аударылады,- деді ол.
11 маусым 2021 ж. 546 0