Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада 543 млрд. теңгеден асатын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

Қызылордада 543 млрд. теңгеден асатын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

Қызылорда өңірінде индустрияландырудың үшінші бесжылдық жоспары аясында құны 543 миллиард теңгеден асатын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, 7 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада өткен баспасөз конференциясында айтты.

Аймақта жаңа өнім өндіру бағытында инвесторлармен бірлескен жобалар іске асырылады. Мәселен, аймақта отандық инвесторлармен бірге қызанақ өнімдерін өндіру, ет және жұмыртқа өндірісі бойынша құс фабрикасын салу жобалары басталмақ.

Жергілікті билік шетелдік компанияларымен бірлесіп, тері мен жүнді өндеу және соңғы өнімді шығару ісін қолға алмақ. Ал, алдағы кезеңде инвесторлармен бірге күріш сабанынан целлюлоза өндіретін кәсіпорын құру жоспарланған.

Ерекше айту керек, Сыр елінде халықаралық компаниямен бірлескен жаңа жобаға келіссөздер жүргізілуде. Яғни енді қызылордалықтар чех технологиясын қолданып сусындар мен шырындар шығаруға ниетті.
10 маусым 2021 ж. 568 0