Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда 4 жоба іске асады

Қызылорда 4 жоба іске асады

Қызылордада индустриялық бағыттағы ірі зауыттардың жанынан шағын өндіріс орындары ашылмақ. Биыл облыста 500-ден аса адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін 4 жоба жүзеге асады. Яғни, құс фабрикасын салу, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, испан технологиясы бойынша тұз өндірудің үшінші цехын салу және шыны зауытының құрылысы жалғасады.

Халық алдындағы есепті кездесу өткізген облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа өндіріс орындарын құру арқылы өнім өндіру көлемін арттыруға болатын жеткізді.

- Кальциленген сода зауытының айналасында ас содасын, жуу құралдарын, еріткіштерді және басқа да өнімдерді шығару бойынша жоспарымыз бар. Биыл "Шалқияда" тау-кен байыту камбинатын және кальцийленген сода өндіру зауыт құрылысын жалғастырамыз. Ал, шыны зауытының айналасында 8 өндіріс ашамыз. Оның, 3-нің, яғни шыны талшық, айналар, шыны ыдыстар мен ыдыстар өндірісін жобалау кезеңі аяқталуда,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Өткен жылы облыста индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,5 млрд. теңге қаржыға 3 жоба жүзеге асты.
17 ақпан 2021 ж. 741 0